Юлия Путинцева Таиландтағы турнирдің ширек финалына өтті

Юлия Путинцева, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2024 17:31 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық, әлемнің 70-ракеткасы Юлия Путинцева Хуахин (Таиланд) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 71-ракеткасы, швейцариялық Виктория Голубичпен шеберлік байқасты.

Екі партия да тартысты өтіп, 7:6 (7:0), 7:6 (7:1) есебімен Путинцеваның пайдасына аяқталды. Екі сағаттан астам уақытқа созылған матчта Путинцева 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

Юлия жартылай финалға өту үшін әлемнің 40-ракеткасы, қытайлық Синьюй Ванмен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: