Олимпиада жүлдегері Бокс федерациясының вице-президенті атанды
Сурет: olympic.kz
Бокстан Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков жаңа қызметке тағайындалды. Қазақстан бокс федерациясында бапкерлер штабымен жұмыс жөніндегі вице-президенті болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мұхтархан Ділдәбеков – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері (1997), аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының (2000) және әуесқой бокстан әлем чемпионатының (1999) күміс жүлдегері, "Парасат" орденінің иегері (2000).
Айта кетейік, ақпанның басында Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиыны өтіп, онда федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Ол бұл қызметте Кеңес Рақышевті алмастырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript