Анна Данилина АҚШ-тағы жарыстың ширек финалына өтті

Анна Данилина, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.02.2024 17:13 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның жұптық сында бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Анна Данилина Остин (АҚШ) WTA 250 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген Данилина – қытайлық Шуай Чжан бастапқы кездесуін италиялық Луция Бронзетти – қытайлық Сиюй Ванмен сәтті өткізді.

Қазақстандық-қытайлық жұп бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде 6:3, 6:0 есебімен ойсырата ұтты. 

Анна Данилина – Шуай Чжан жартылай финалға шығу үшін аустралиялық Оливия Гадеки – ұлыбританиялық Оливия Николлспен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: