Бекзат Алмаханның дебюттік жекпе-жегі: Жеңіліп көрмеген файтер қатты састы
Сурет: UFC
Лас Вегаста отандасымыз Бекзат Алмахан ресейлік файтер Умар Нұрмагомедовке қарсы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Жерлесіміз жекпе-жектің соңына дейін аяғынан тік тұра алды, алайда судьялардың бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіс Хабибтің бауырына бұйырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алмахан барлық үш раундта қарсыласына төтеп беріп, жақсы ойын өрнегін көрсетті. Тіпті, жеңіл дивизионның көшбасшысын бір рет нокдаунға жіберді, содан кейін ресейлік бірден есін жиып, қарсыласын партерге түсірді. Жекпе-жек Нұрмагомедовтың жеңісімен аяқталды.
"Мен байқамай қалдым. Тіпті түсініп үлгермедім. Басында қашықтықта байқастам жүрдім, содан кейін оны алып ұрдым (өткізіп алған соққыдан кейін). Негізі, бұл жекпе-жек әлдеқайда жеңіл болады деп үміттенген едім, бірақ бұл жігіт нағыз құбыжық екен. Мен оны жай ғана алдыма салып, тұншықтыра саламын деген едім", – деді Умар Нұрмагомедов жекпе-жектен кейін.
Almakhan hurts Umar with a Nasty right hand but Umar recovers and gets the takedown #UFCVegas87 pic.twitter.com/XjSjeQnUrp
— Underrated MMA Performances (@MMAUnderrated) March 2, 2024
Умар Нұрмагомедов ММА-дағы кәсіби мансабында 17-ші жеңіске жетті, 28 жастағы файтер әлі жеңіліп көрген емес.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript