Михаил Кукушкин қатарынан екінші рет челленджер турнирінде чемпион атанды

 Михаил Кукушкин, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2024 17:24 Сурет: ktf.kz
Михаил Кукушкин Тенерифе (Испания) челленджер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарысты іріктеу сайыстарынан бастап, финалға дейін жеткен қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде әлемнің 156-ракеткасы, 22 жастағы италиялық Маттео Гигантемен бас жүлдені сарапқа салды.

Қарсыластар матчты брейк алмасумен бастады. Дегенмен содан кейін қос брейкке қол жеткізген тәжірибелі Кукушкиннің басымдығы айқын көрініс тапты – 6:2.

Екінші сетте де қазақстандық 2:0 есебімен алға кетті. Бұдан кейін Гиганте матчты жалғастырудан бас тартты.

Бұған дейін Манама (Бахрейн) челленджер жарысында үздік шыққан қазақстандық теннисші осымен жеңіс сериясын 12 ойынға жеткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: