Александр Шевченко Индиан-Уэллстегі турнирді жеңіспен бастады
Сурет: ktf.kz
АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында "Мастерс" сериясы бойынша турнир басталды. Қазақстандық теннисші Александр Шевченко жекелей сында бірінші айналымда Германия өкілі Доминик Кепферді ұтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанның екінші ракеткасы қарсыласын 6:3, 1:6, 7:6 (7:3) есебімен жеңді.
Матч 2 сағат 12 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Шевченко жеті эйс пен алты қос қателік жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Ал Копфер жеті эйс пен үш қос қате жасап, 11 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.
Шевченко екінші айналымда аргентиналық Франсиско Серундоломен ойнайды.
Индиан-Уэллстегі турнир 6-17 наурыз аралығында өтеді. Жарыстың ерлер арасындағы жекелей сын бойынша жалпы жүлде қоры – 8,9 миллион доллар. "Мастерстің" былтырғы жеңімпазы – испаниялық Карлос Алькарас.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript