Жаңалықтар тізбегі
0

Бокстан лицензиялық турнир: Мұхамедсабыр Базарбайұлы болгариялық қарсыласқа жол берді

Мұхамедсабыр Базарбайұлы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.03.2024 09:34 Сурет: olympic.kz
Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан ерлер командасының мүшесі Мұхамедсабыр Базарбайұлы жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

63,5 келі салмақта сынға түскен Базарбайұлы болгариялық Радослав Росеновпен жолыққан болатын. 

Төрешілер бірінші раундта жеңісті қазақстандық спортшыға бергенімен, екінші раундта болгариялық боксшыны басым деп таныды. 

Ал үшінші раундта жекпе-жек Росеновтың қабағы жарылғанына байланысты тоқтатылды. Ереже бойынша, сол мезетте алда тұрған боксшы жеңімпаз деп танылады. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: