Алматыдағы жарыс: фристайл-могулдан Павел Колмаков күміс медаль иеленді

Павел Колмаков, Алматы, Әлем кубогі, фристайл-могул, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2024 15:44 Сурет: olympic.kz
Фристайл-могулдан Қазақстан командасының үздігі Павел Колмаков Алматыдағы әлем кубогінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, жартылай финалда Колмаков финляндиялық Сивери Виерелладан басым түсті. Ал ақтық сында танымал спортшы, канадалық Микаэль Кингсберимен кездескен болатын.

Үлкен финалда Колмаков Кингсбериге есе жіберіп, өз жерімізде өткен әлемдік доданың күміс жүлдесін иеленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: