Павел Колмаков фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді

Павел Колмаков фристайл-могулдан Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2025 14:52 Сурет: olympic.kz
Фристайл-могулдан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Павел Колмаков Дир-Вэллиде (АҚШ) өткен Әлем кубогының кезеңінде екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы жекелей могулда жоғары нәтиже көрсетіп, финалда 84,95 ұпай жинап, күміс медальмен жарысты аяқтады.

Алтын медаль жапониялық Икума Хоришимаға бұйырды – 86,24 ұпай.

Үшінші орынды француз Бенджамин Каве 83,82 ұпаймен иеленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: