Александр Бублик Монте-Карлодағы турнирге қатысады

теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2024 22:56 Сурет: montecarlotennismasters.com
Монте-Карлода 6-14 сәуір аралығында топырақ төсенішінде өтетін "Мастерс" санатындағы турнирге өтініш бергендердің тізімі жарияланды. Қатысушылар тізімінде Қазақстанның төрт өкілі бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Александр Бублик топырақ төсенішіндегі ойынын ATP 1000 санатындағы турнирдің негізгі кезеңінен бастайды.

Монте-Карлодағы турнирді Александр Шевченко, Михаил Кукушкин және Бейбіт Жұқаев іріктеу кезеңінен бастайды.

Екі ойыншы protected ranking-ті Монте-Карлодағы "Мастерстің" 11 дүркін чемпионы Рафаэль Надаль мен осы турнирдің ширек финалында төрт рет ойнаған Марин Чилич пайдаланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: