Көптен бері теннис додаларына қатыспаған Зарина Диас Билли Джин Кинг кубогы матчында өнер көрсетеді

теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2024 10:09 Сурет: ktf.kz
Қазақстан әйелдер құрамасы 12-13 сәуірде Токиода Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу сатысында Жапония командасымен ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған матчқа қатысатын құрам жарияланды.

Юрий Щукин бастаған бапкерлер құрамының таңдауы мына ойыншыларға түсті: Юлия Путинцева, Зарина Диас, Анна Данилина, Жібек Құламбаева және Аружан Сағындықова.

Зарина көптен бері теннис додаларына қатыспағаны белгілі. Жапониямен бәсеке Ariake Coliseum аренасының хард төсенішіндегі кортында өтеді. Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу матчы төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады, үш сеттік форматта болады.

Токиода Қазақстанның көшбасшы ойыншысы Елена Рыбакина өнер көрсетпейді. Биыл жазда Парижде олимпиада ойындары өтеді. Құраманың бапкерлік штабы Еленаның төрт жылдағы ең басты жарысқа мұқият дайындалып, нағыз бабында баруы үшін Жапониямен матчқа шақырмауды құп көрді. Елена үшін олимпиада ойындарында бақ сынау аса маңызды болмақ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: