20 жастағы Самирхон Абабакиров алғашқы Олимпиадасына барады
Сурет: olympic.kz
Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан таеквондодан лицензиялық турнирде Қазақстан қоржыны тағы бір жолдама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
58 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Самирхон Абабакиров Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.
Ол жартылай финалда филиппиндік Курт Криан Барбосаны 2:0 есебімен ұтты. Осылайша, 20 жастағы спортшы өзінің алғашқы Олимпиадасына аттанбақ.
Айта кетелік, іріктеу сынында Абабакиров Қырғызстан мен Таиланд спортшыларын жеңді.
Кешегі жарыс күнінде Батырхан Төлеуғали 80 келі салмақта лицензияға қол жеткізген болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript