Belgrade winner-2024: бүгін Қазақстанның 8 боксшысы "алтынға" таласады

Бокс, Сербия, Belgrade winner-2024, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2024 09:55 Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
Сербия астанасы Белградта бокстан дәстүрлі Бранко Пешич мемориалы шарықтау шегіне жетті. Қазақстан намысын қорғаған 12 боксшымыздың 8-і финалға шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеше, 16 наурызда шаршы алаңға төрт боксшымыз шығып, төртеуі де жекпе-жектерін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы.

Атап айтқанда,

  • 71 келіде Сабыржан Аққалықов монтенегролық Стефан Савковичті жеңді.
  • 75 келіде Диас Молжігітов ресейлік Джамбулат Бижамовтан басым түсті.
  • 80 келіде Ерасыл Жақпеков турнир қожайыны Златко Турковичті тізе бүктірді.
  • 92 келіде Данияр Рахымбердинов тағы бір серб Мирослав Савичтің сағын сындырды.

Осылайша Белградтағы турнирдің финалында 8 боксшымыз жұдырықтасады:

  • 48 келі: Ернұр Қайрат
  • 51 келі: Санжар Тәшкенбай
  • 54 келі: Дәулет Молдашев
  • 71 келі: Сабыржан Аққалықов
  • 75 келі: Диас Молжігітов
  • 80 келі: Ерасыл Жақпеков
  • 92 келі: Данияр Рахымбердинов
  • 92+келі: Олжас Боқаев

Айта кетсек, әлемнің 16 елінен 106 боксшы қатысып жатқан халықаралық турнирде Қазақстанның 12 боксшысы бақ сынауда. Турнир 17 наурызға дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: