Қазақстандық теннисшілер "челленджер" турнирін сәтті бастады

Қазақстандық теннисшілер "Челленджер" турнирін сәтті бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2024 11:33 Сурет: АТР
Бейбіт Жұқаев Мехикода (Мексика) өткен ATP Challenger турнирінің екінші айналымына шықты. Тағы бір қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Барлеттадағы (Италия) челленджердің бастапқы раундынан өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейбіт Жұқаев 3 сәуірдегі кездесуінде Зимбабвелік ойыншы Бенджамин Клокты 4:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Матч ұзақтығы 2 сағат 25 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Жұқаев 19 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды.

Мексикада бесінші нөмірмен өнер көрсеткен Бейбіт ширек финалға шығу үшін, 18 жастағы жергілікті теннисші Родриго Пачеко Мендеспен ойын алаңына шығады.

Сурет: https://ktf.kz

Қазақстанның тағы бір өкілі Тимофей Скатов Италияда Андреа Гуэрриримен өткен кездесуде 6:4, 4:6, 7:5 есебімен басым түсті.

3 сағат 34 минутқа созылған ойында Скатовтың есебінде 4 эйс және 16 брейк-пойнттың сегізі бар.

Келесі раундта Скатов австриялық Филипп Мисоличпен ойнайды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық теннисші Анна Данилина WTA-500 турнирінің басында жеңіліске ұшыраған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: