Күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінде қос балуанымыз ширек финалға өтті

Грек-рим күресі, Бішкек, ширек финал, Айдос Сұлтанғали, Мейіржан Шермаханбет, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2024 10:05 Сурет: olympic.kz
Бүгін, 21 сәуірде Бішкекте күрес түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирінің соңғы жарыс күнінде жерлестеріміз грек-рим күресінен лицензияға таласты бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, грек-рим күресінен 60 келі салмақта сынға түсіп жатқан Айдос Сұлтанғали іріктеуде Ирак балуанын айқын басымдықпен жеңіп, ширек финалға өтті. 

Сондай-ақ, 67 келідегі Мейіржан Шермаханбет бірінші айналымда түркменстандық қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. 

Айта кетелік, "классикалық" күрес шеберлері 5 салмақта жолдама алуға тырысады. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: