Тағы бір отандық пара спортшы Паралимпиада лицензиясына ие болды

Темірхан Дайырбек, пара спортшы, Паралимпиада лицензиясы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2024 15:17 Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстандық пара спортшы Темірхан Дайырбек академиялық ескек есуден Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Парижде өтетін Паралимпиада лицензиясына ие болды. Чемпионат 18-21 сәуір аралығында Оңтүстік Кореяның Чунджа қаласында өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Темірхан PR1m1X академиялық ескек есуден 2000 м қашықтықты 9 минут 38.81 секундта өтіп, бірінші орынға ие болды.  Екінші орынды 9:40.52 нәтижесімен Жапондық спортшы Мори Такуиа иеленді, ал үшінші орынға 10:01.15. уақытымен Шри-Ланканың спортшысы Приамал Джакоди тұрақтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Темірхан Дайырбек - 2004 жылы туған, Түркістан облысының спортшысы. Пара академиялық ескек есумен тек 1 жыл ғана кәсіби тұрғыда айналасып келеді. Оның жеке бапкері - Фаррух Хамракулов.

Бұл қазақстандық спортшылардың  Париж Паралимпиадасына ұтып алған 12-ші лицензиясы.

Бұған дейін жолдаманы пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, пара каноэдан Бибарыс Спатай, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков,пара оқ атудан Еркін Ғаббасов, волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама командасы, пара жүзуден 3 лицензия және пара таеквондодан Камиля Досмалова, Нышан Өмірәли және Нұрлан Домбаев алған болатын.

Айта кетсек, 17-ші жазғы Паралимпиада биыл Парижде 28-ші тамыз бен 8-ші қыркүйек аралығында өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: