Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада дзюдодан Париж Олимпиадасына ұпай беретін соңғы турнир өтеді

дзюдо, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2024 17:56 Сурет: olympic.kz
Астанада дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді. Бұл Париж Олимпиадасына ұпай беретін соңғы рейтингілік турнир болмақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемнің кіл мықтыларын жинайтын бұл бәсеке Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Бүгінгі күнге жарысқа 60-тан астам елдің, соның ішінде әлемдік рейтинг көшбасшылары Жапония, Оңтүстік Корея, Франция мемлекеттерінің спортшылары тіркелген.

Естеріңізге сала кетсек, бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында Әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады.

Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) екі жақты келісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2026 жылға дейін қабылдайды. 

Qazaqstan Barysy Grand Slam тікелей көрсетілімі Qazsport телеарнасында өтеді.

Жарыс бағдарламасы:

10 мамыр

Әйелдер: -48 келі, -52 келі, -57 келі

Ерлер: -60 келі, -66 келі

11 мамыр

Әйелдер: -63 келі, -70 келі

Ерлер: -73 келі, -81 келі

12 мамыр

Әйелдер: -78 келі, +78 келі

Ерлер: -90 келі, -100 келі, +100 келі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: