"Ролан Гаррос – 2024": қазақстандық теннисші біліктіліктің бастапқы шеңберін еңсере алмады

"Ролан Гаррос – 2024": қазақстандық теннисші біліктіліктің бастапқы шеңберін еңсере алмады, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2024 16:44 Спорт: KTF
Францияның ашық теннис чемпионатында іріктеу кезеңі басталды. Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев жекелей сында бірінші айналым матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейбіт Жукаев аргентиналық Хуан Мануэль Серундоломен кездесуде 4:6, 3:6 есебімен ұтылды.

Ол алғаш рет Франция ашық чемпионатының іріктеуіне қатысты.

Сондай-ақ, "Ролан Гаррос" негізгі желісіне шығу үшін күреске басқа қазақстандық теннисшілер: Михаил Кукушкин, Денис Евсеев және Дмитрий Попко қатысады.

Ерлер арасындағы синглдердің негізгі торында Александр Бублик пен Александр Шевченко өнер көрсетеді.

Биылғы жылы "Ролан Гаррос – 2024" біліктілігінде Қазақстандықтардың рекордтық саны ойнайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: