Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші жыл қатарынан әлем чемпионатына жолдама алды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші жыл қатарынан әлем чемпионатына жолдама алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.05.2024 20:20 Сурет: ktf.kz
Шымкентте 16 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан Дэвис кубогы Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ширек финалда Сергей Квактың шәкірттері әлемдегі үздік құрамалардың бірі, жасөспірімдер арасында Дэвис кубогының алты дүркін чемпионы Аустралия құрамасын 2:0 есебімен тізе бүктірді. 

Кэмерон Бертонды 6:3, 6:0 есебімен ұтқан Дамир Жалғасбай Қазақстанға бірінші ұпайды әперді. Содан кейін Заңғар Нұрланұлы "Үлкен дулыға" турнирінің екі дүркін жеңімпазы Ллейтон Хьюиттың ұлы – Круз Хьюитты тас-талқан етіп жеңді – 6:1, 6:0. 

Былтыр да ширек финалда қазақстандықтар Аустралияны 2:0 есебімен қапы қалдырған еді. Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алдағы күзде 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогының финалдық кезеңінде екінші жыл қатарынан бақ сынайды. 

Ертең, 24 мамыр күні қазақстандықтар жартылай финалда Корея немесе Гонконг құрамасымен кездеседі. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: