Александр Бублик Лиондағы турнирдің жартылай финалында есе жіберді

Александр Бублик, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2024 21:42 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Лиондағы (Франция) ATP 250 турнирінің жартылай финалындағы матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр Бублик бұл кезеңде корт иесі, франциялық теннисші Джованни Мпетчи Перрикармен кездесті.

Ол қарсыласынан екі сетте 4:6, 5:7 есебімен жеңілді.

Қазақстандық теннисші матч кезінде сегіз эйс жасады, сегіз қос қате жіберді, екі брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды. 

Ал қарсыласы - Джованни Мпетчи Перрикар үш эйс жасады және екі рет допты ойынға қоса алмады. Ол 10 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Енді франциялық теннисші финалда аргентиналық Томас Мартин Этчеверримен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: