Хоккейден ӘЧ-2024: Чехия мен Швейцария финалға шығып, сенсация жасады

Хоккей, ӘЧ-2024, Чехия, Швейцария, финал, сенсация  , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2024 13:23 Сурет: Instagram/iihfhockey
25 мамырда хоккейден әлем чемпионатының жартылай финалдық кездесуі өтті. Чехия мен Швейцария құрамалары турнирдің шешуші матчында тамаша ойын өрнегін көрсетіп, күтпеген жерден өздерінің басты фавориттері – Швеция мен Канаданың алдын орап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы әлем чемпионатының финалына шығу үшін Чехия командасы Швециямен өзара бақ сынасты. Чехия қарсыласын 7:3 есебімен жеңді. Тағы бір жартылай финалдық кездесуде Швейцария командасы Канаданы буллиттер сериясында 3:2 есебімен жеңді.

Бұл арада Швеция мен Канада жартылай финалға дейін бір де бір матчта ұтылмағанын және әлем чемпионаты "алтынынан" басты үміткерлер болып саналғанын атап өткен жөн.

Осылайша, 2024 жылғы әлем чемпионатының ең жоғары марапаттарын Чехия мен Швейцария хоккейшілері өзара сарапқа салатын болды. Финалдық шайқас Прагада, 26 сәуірде кешке, Қазақстан уақыты бойынша 23:20-да басталады.


Өз кезегінде Канада мен Швеция құрамалары турнирдің қола медаліне таласатын болады (бастал уақыты - 18:20).


Қазақстан хоккей командасына келетін болсақ, біз плей-офф кезеңіне өте алмадық. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: