Александр Бублик әлемдік рейтингіде рекордтық орынға көтерілді

Александр Бублик әлемдік рейтингіде рекордтық орынға көтерілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2024 17:17 Сурет: ktf.kz
Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 19-дан 17-орынға көтерілді. Бұл — оның спорт мансабындағы үздік көрсеткіш, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр Шевченко 61-ден 59-ға ауысса, Михаил Кукушкин 135-тен 136-ға сырғыды. Денис Евсеев пен Бейбіт Жұқаев сәйкесінше 167 және 171-орнында қалды.

Өткен аптада Аугсбург (Германия) "Члленджер" турнирінің чемпионы атанған Тимофей Скатов 242-тен 199-ға жоғарылап, ТОП-200-ге кірді. 

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Недовесов 38-ден 40-сатыға төмендеді. 

Әйелдер арасында WTA рейтингісінде Елена Рыбакина 4-орнын сақтап қалса, Юлия Путинцева 37-ден 39-ға түсті. 

Жұптық сында Анна Данилина 59-дан 57-ге шықса, Жібек Құламбаева 144-орында (-2) тұр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: