Хави өзіне тиесілі 12 млн евро өтемақыдан бас тартты

Хави, Барселона, футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2024 17:36 Сурет: Instagram/xavi
"Барселона" футбол клубы бас бапкер Хавидің мерзімінен бұрын жұмыстан кетіп, өзіне тиесілі өтемақыдан бас тартуына байланысты активіндегі 12 млн евроны сақтап қалды. Бірақ ол жаттықтырушылар штабының басқа мүшелеріне шамамен 3 млн евро төлеуді талап етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

As ақпаратына сәйкес, 28 мамырда 2025 жылға дейін есептелген Хавимен арадағы келісімшарт бұзылды. Хавидің ақшалай өтемақыдан бас тартуына байланысты клуб шамамен 12 миллион евроны үнемдеді.

Алайда, 44 жастағы маман өзінің жаттықтырушылар штабының қалған мүшелеріне толық төлем жасауды талап етті. Олардың жалпы саны - сегіз. Оларға шамамен 3 миллион евро төленуі керек.

Сонымен қатар, "Барселона" клубы Хави кете салысымен, бапкерлік тұтқаны Ханс Дитер-Фликке ұстатпақ.

Алдын ала ақпарат бойынша, 59 жастағы неміс Барселонамен екі жылға келісімшартқа отырады. Оның жаңа қызметі туралы 29 мамырда жарияланады. 

Бірнеше күн бұрын каталониялық клубы Севильямен арада болған матчтан кейін Хавиді бас бапкер қызметінен босату туралы шешімін ресми түрде жариялады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: