Елена Рыбакина Париж Олимпиадасындағы жоспары туралы айтты
Сурет: ktf.kz
Елена Рыбакина Париж Олимпиадасында Александр Бубликпен миксте өнер көрсету мүмкіндігі мен Ролан Гаррос турнирінде ширек финалдан не күтетіні жөнінде әңгімелеп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық теннисші ширек финалдағы қарсыласы Италия өкілі Ясмине Паолинидің оңай шағылатын жаңғақ еместігін мәлімдеді.
"Кейінгі рет біз Штутгартта ойнадық, матч үш сетке созылды. Мен алға шыққаныммен, ол жақсы қимылдап, допты қатты соғып, қайтарып отырды. Аяқпен жиі жұмыс істеуге тура келеді. Біз бір-бірімізді жақсы білеміз, ол мықты ойнайды. Элинамен өткен матч та ауыр болды. Көреміз", - деді Елена Рыбакина баспасөз мәслихатында.
Ол сонымен бірге "Олимпиадада Бубликпен бірге ойнағыңыз келеді ме?" деген сұраққа жауап берді.
"Сашамен бірге жаттығып, ойнау әрқашанда көңілді. Микст жөнінде әзірше айта алмаймын. Анығы, Париж Олимпиадасында жекелей сында өнер көрсетуге күш саламын. Сосын жұптық сында ойнаймыз ба, ақылдасамыз", - деді теннисші.
Рыбакина Франция ашық чемпионатында топ жару – басты мақсаты екенін айтты.
"Әрине, қашанда жеңіс – басты мақсат. Бірақ қазір мен әрбір келесі матчқа дайындаламын. Ясмине төртінші айналымда ұтқаннан кейін ендігі назар алдағы ойында. Өте жақсы ойнап жүрмін деп айта аламын. Ұйқыға және денсаулығыма байланысты алаңдаушылық болды. Кейінгі аптада дене дайындығы мен салмағымда аздаған жоғалту болды. Дегенмен өзімді тамаша сезінемін. Ойындарды екі сетпен бітіріп келе жатқаныма қуаныштымын", - деді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript