"Онша риза болған жоқпын". Елена Рыбакина "Ролан Гарростағы" екінші жеңісі туралы айтты

Елена Рыбакина, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2023 22:37 Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымындағы жеңісі туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші әуелі бүгінгі қарсыласы, чехиялық Линда Носкова туралы айтты.

"Оның ойынын былтыр көргенмін, хард төсенішінде тым тәуір табыстарға қол жеткізді. Біз бұған дейін еш уақытта бірге жаттыққан емеспіз, жолымыз да түйісіп көрмепті. Бүгін де ол жақсы ойнады, әсіресе, доп бергенде әбжілдік танытты. Мен өзімнің доп бергеніме онша риза болған жоқпын. Дегенмен жеңгеніме қуаныштымын".Елена Рыбакина

Еске салайық, бүгін, 1 маусымда қазақстандық теннисші Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" санатына енетін "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымында чехиялық теннисші Линда Носкованы 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Енді ол үшінші айналымда испаниялық теннисші Сара Соррибес-Тормомен ойнайды. Матч 3 маусымға жоспарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: