Қазақстан қоржыны тағы бір Олимпиада жолдамасымен толықты

Ирина Юнусметова, нысана көздеу, Олимпиада жолдамасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2024 17:19 Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 10 маусымда халықаралық нысана көздеу (ISSF) барлық Әлем Кубогының кезеңінен кейін Олимпиада рейтингін жаңартты. Соның нәтижесінде тағы бір отандық спортшы Ирина Юнусметова Париж ойындарының лицензиясына қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, ұлттық құрама спортшысы қайта үлестіру кезеңінде 10 метрден тапаншамен нысана көздеуде жолдамаға иелік етті. Бұл - еліміздің спорттық ату федерациясының еншісіндегі 9-шы лицензия.

Осыған дейін Ислам Сатпаев, Константин Малиновский, Александра Ле, Арина Алтухова, Никита Чирюкин (нысана көздеу); Әсем Орынбай, Эдуард Ещенко мен Мария Дмитриенко (стенд ату) Парижге барар билетке иелік еткен. Осы қатарда Әсем Орынбай мен Ирина Юнусметованың лицензиясы жеке спортшының өзіне тиесілі. Қалғаны - федерацияға берілген квота.

Ал жалпы Қазақстан еншісіндегі лицензия саны 67-ге жетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: