Жаңалықтар тізбегі
0

Әмір Маймұратов олимпиада лицензиясын жеңіп алды

Әмір Маймұратов, олимпиада лицензиясы, спорттық құзға өрмелеу, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2024 09:12 Сурет: ҚР ТСМ баспасөз қызметі
Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан командасының өкілі Әмір Маймұратов Будапешттегі (Венгрия) іріктеу турнирінен сәтті өтті. Осылайша ол жалпы есепте үшінші орын иеленіп, олимпиадалық жолдаманы қоржынға салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, спортшы жылдамдық  бойынша финалға жетіп, күміс жүлде иеленді.

Шешуші сында ол қытайлық У Пэнге есе жіберді. 

Айта кетелік,  іріктеу турнирі екі кезеңнен тұрды. Біріншісі  Шанхайда,  екіншісі Будапештте өтті. 

Олимпиадаға жолдама алу үшін екі кезең қорытындысы бойынша алғашқы жетілікке ену керек. 

Айта кетсек, Маймұратов таяуда ғана 15 метрлік биіктікке өрмелеп Қазақстанның рекордын орнатқан болатын.

 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: