Александр Бублик Уимблдондағы ойынын аяқтады

Александр Бублик, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2024 18:54 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Лондонда өтіп жатқан Уимблдон турниріндегі үшінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бублик "Үлкен дулыға" турнирінің 1/16 финалы кезеңінде америкалық теннисші Томми Полмен (әлемнің 13-ші ракеткасы) кездесті.

Ол қарсыласынан үш сетте 3:6, 4:6, 2:6 есебімен ұтылды. Ойын 1 сағат 26 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші матч кезінде 15 эйс жасап, екі рет қос қателікке жол берді.

Айта кетейік, 27 жастағы қазақстандық спортшы қазір ATP әлемдік рейтингінде 23-орында тұр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: