Нариман Құрбанов пен Милад Карими Олимпиаданың финалына өтті
Нариман Құрбанов пен Милад Карими турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алды.
Құрбанов тұтқалы ат снаряды бойынша Олимпиада алтынына таласып көреді. Ол іріктеу кезеңінде 15.000 ұпаймен алтыншы орын алды. Айта кетейік, жекелеген жаттығулар бойынша сегіз гимнаст финалға өтеді.
Карими көпсайыстан және еркін жаттығудан финалға өтті.
Гимнастардың нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз.
Нариман Құрбанов:
тұтқалы ат жаттығуы – 15.000 ұпай, 6-орын (финалға өтті)
Милад Карими:
көпсайыс – 82.065 ұпай, 18-орын;
керме жаттығуы – 12.700 ұпай, 50-орын;
еркін жаттығу – 14.433 ұпай, 8-орын (финалға өтті);
шығыршық – 13.000 ұпай, 47-орын;
қоссырық – 14.366 ұпай, 25-орын;
қол тіреп секіру – 14.300 ұпай, 12-орын;
тұтқалы ат жаттығуы – 13.266, 38-орын.