Жаңалықтар тізбегі
0

Туризм және спорт министрлігі шетелдік БАҚ-тағы Қазақстан спортына қатысты сыни мақалаға жауап қатты

Шетелдік БАҚ, сыни мақала, Қазақстан спорты, Туризм және спорт министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2024 20:54 Сурет: pixabay
"Қазақстанның Париж Олимпиадасында алтын алуы екіталай. Оған 10 жыл бұрын басталған спорт саласындағы олқылықтар себеп болмақ". Осындай тақырыпта Inside the Games шетелдік сайтында мақала жарияланды. Бұл сынға қатысты біздің министр жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Әрине, ол мақалада айтылған көптеген мәліметпен біз келісеміз. Өйткені бізде спортта үлкен проблемалар бар, оны жасырмаймыз. Соңғы 10-12 жылда спорт жүйесі құлдырап кетті. Оның себептері де бар. Бірақ енді қазір Мемлекет басшысы өткен жылдың күзінде қайта құру жұмыстарын өткізіп, реформа жасап, бізді Туризм және спорт министрлігі ретінде бөлек шығарды. Жаңа министр - Маржықпаев Ермек Боранбайұлын тағайындады. Ол кісі спорт адамы, енді ақырындап, спорт жүйесін қалыптастырып келе жатырмыз. Бұл - бір күнде шешілетін нәрсе емес. Әрине, бұған уақыт керек", деп 24kz ҚР Туризм және спорт министрінің кеңесшісі Диас Ахметшәріптің сөзін келтіреді.

Орталық Азия елдерінің спорт саласын талдаған шетелдік сайттағы материалда "Қазақстан билігі проблемалардың бар екенін біледі. Әсіресе Ханджоудағы Азия ойындарынан соң түбегейлі реформаларға барып жатыр. Алайда 10 жыл бұрынғы қателіктер 10 айда кете қоймас" деп, елдің қазіргі жарыстардағы жетістікке жетуіне күмән келтіріледі. 

Айта кетсек, Париж Олимпиадасында Қазақстан, әзірге бір алтын, екі қола медаль иеленіп, жүлде қоры бойынша 12-орында келеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: