Қазақстан ҰОК бокс бәсекесіндегі кейбір төрешілердің іс-әрекетіне күмән келтірді
Сурет: olympic.kz
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті қазақстандық боксшылардың жекпе-жегінде жұмыс істеген кейбір төрешілердің қызметіне күмән келтіретінін мәлімдеп, PBU-ға (Paris boxing Unit) жүгінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Комитет сонымен қатар кейбір төрелік кезіндегі біржақтылыққа назар аударуды сұрады.
Олимпиада ойындарындағы бокс бәсекесін ұйымдастырушылар бұл ескертуге назар аударып, аталған жағдайға қатысты зерттеу жүргізуге уәде берді. Аталған төрешілерге қатысты іс қозғалды.
"Осы орайда, бұл іс-шараның жекпе-жектер нәтижесіне әсер етпейтінін ескеру керек. Ережеге сәйкес, аяқталған жекпе-жектер нәтижесі қайта қаралмайды. Алайда, төрешілердің өз қызметінде қателік жібергені дәлелденсе, олар қызметтен шеттетілуі мүмкін".Қазақстан ҰОК
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript