Қазақстандық балуан Париждегі Эйфель мұнарасында құрметке ие болды

Қазақстандық балуан Париждегі Эйфель мұнарасында құрметке ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2024 11:03 Сурет: Ұлттық Олимпиада комитеті
2024 жылдың 8 тамызында Париждегі грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының күміс чемпионы Демеу Жадыраевты Франция астанасында он мыңнан астам адам қарсы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы париждіктер мен қала қонақтарына өз медалін көрсетті.

"Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев чемпиондар саябағындағы атлеттерді құрметтеу кешіне қатысты. Францияда біздің спортшымызды 10 мыңнан аса адам қарсы алды!" Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі

77 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Демеу финалда жапондық Нао Куссакиге есе жіберді.

Араға жиырма жыл салып, грек-рим күресінен Олимпиаданың финалында белдескен Демеу Жадыраев отандық спорт тарихына есімін алтын әріптермен жазды.

Бұған дейін қазақ балуандары Олимпиаданың финалынан үнемі сырт қалатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: