Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев елге оралды

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев елге оралды. Алматы әуежайынан туған-туыстары, БАҚ өкілдері, достары мен спорт саласының өкілдері құрмет-қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыста грек-рим күресінен тәжірибелі палуанымыз Демеу Жадраев 77 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, "күміс" жүлдеге ие болды.
Айта кетейік, Егемен Қазақстан тарихында бұл салмақта (77 келі) бірде-бір спортшымыз Олимпиаданың финалында күреспеген. Ол жартылай финалда әлем чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері Санан Сүлеймановты жеңді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз