Жаңалықтар тізбегі
0

Жанқош Тұраров қыркүйекте жекпе-жек өткізеді

Жанқош Тұраров қыркүйекте жекпе-жек өткізеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2024 19:47 Сурет: Instagram/zhankoshturarov
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) қыркүйек айының соңында шаршы алаңға оралады, деп хабарлайды Zakon.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

All Stars Boxing промоутерлік компаниясының хабарлауынша, Жанқош Тұраров 28 қыркүйек күні Алматыдағы бокс кешінде өнер көрсетіп, IBO World және WBA Gold титулын қорғайды. Отандасымыздың қарсыласы әзірше белгісіз.

Айта кетейік, бұл – Тұраровтың 2024 жылдағы алғашқы жекпе-жегі. Боксшы былтыр екі кездесу өткізіп, IBO World Super Light титулын иеленген болатын. 

Жанқош Тұраров кәсіпқой бокстағы мансабын 2009 жылы бастады. Ол бүгінге дейін 28 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. BoxRec порталындағы мәлметтерге сүйенсек, Тұраров супер жеңіл салмақта әлемдік рейтингіде 11-орынға жайғасқан. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: