Жанқош Тұраровтың жаттықтырушысы Алматыдағы жекпе-жек алдында маңызды мәлімдеме жасады
Сурет: Instagram/zhankoshturarov
Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров 28 қыркүйекте әлі бірде-бір жеңіліс таппаған венесуэлалық Хесус Корреа Пинтомен шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Zakon.kz
sportarena.kz ақпараты бойынша, оны маңызды жекпе-жекке Қазақстанның бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сағатбек Мұсаханов дайындауда. Оның айтуынша, Жанқош елімізде өтетін жарыста бар күшін көрсетуді жоспарлап отыр.
"Қарсылас өткізген 16 жекпе-жегін 16 нокаутпен аяқтаған. Жақсы жетістік. Бәрін рингке шыққанда көретін боламыз", — деді Сағатбек Мұсаханов.
Осы жылы желтоқсан айында Жанқош жапондық Акихиро Кондоны жеңген болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript