Жаңалықтар тізбегі
0

Молдовадағы армрестлингтен 2024 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан әнұраны 82 рет шырқалды

Молдовадағы армрестлингтен 2024 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан әнұраны 82 рет шырқалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2024 14:56 Сурет: Instagram/drs_kz
Қазақстандық қол күресінің шеберлері Кишиневте (Молдова) өткен 45-ші әлемдік біріншіліктен оралады. Онда олар 256 медаль жеңіп алды, оның ішінде 82 алтын, 92 күміс және 82 қола, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Еліміздің 150 қол күресінің шебері 82 алтын, 92 күміс, 82 қола жүлдемен (барлығы 256) жалпы есепте 1-орын алды. Екінші орынға Түркия, үшінші орынға Грузия жайғасты",- деп мәлімдеді ҚР ТСМ баспасөз қызметі.

Биылғы додаға 61 мемлекеттен 1500-ге жуық спортшы қатысты. Бұл қатарда жасөспірімдер, жастар, ересектер, ардагерлер және пара атлеттер бар.

Отандасымыз Нұрдәулет Айдархан Кишиневте ересектер арасында 7 дүркін (оң қолда алтын, сол қолда күміс), жастар арасындағы нәтижесін қосқанда 12 дүркін әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар Молдовада Мейрамбек Ерсайын 7 дүркін, Ердәулет Нұрмахан 5 дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

Еске сала кетейік, былтыр армрестлингтен әлем чемпионаты Алматы қаласында өткен. 52 елдің 1000-нан астам спортшысы бас қосқан бәсекеде Ұлттық құраманың 256 өкілі жүлдеге таласқан. Ол кезде Қазақстан командасы 72 алтын, 57 күміс, 27 қола медальмен жалпы есепте топ жарған.

Ал 2022 жылы Түркияның Анталья қаласындағы әлем чемпионатында 54 елден 1700 спортшы бас қосқан. Қазақстан 68 алтын, 66 күміс пен 36 қола жүлдемен жалпы есепте 1-орын алған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: