Қазақстандық журналистер теннистен 2024 жылғы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Әлемнің 14 елінен 60-тан астам журналистің қатысуымен өткен Халықаралық теннис турнирі бес күнге созылды.
Қазақстан құрамасының намысын отандық БАҚ-тың бес өкілі қорғады:
- Қуандық Шынасылов (Zakon.kz),
- Талғат Қалиақпаров (КТК),
- Сәби Байбосынов (Хабар),
- Данил Москаленко ("Atameken Business" Медиа холдингі)
- Галина Выборнова (Комсомольская правда – Қазақстан).
Сурет: Zakon.kz
Жарыста әртүрлі жас санаттары бойынша медальдар сарапқа салынды.
Додада жұлдызы жанғандардың бірі — Сәби Байбосынов болды. Ол миксте "алтын", жекелей сында "күміс" және жұптық кездесуде "қола" медаль иегері атанды.
Сурет: Zakon.kz
"Мастерсте" осы турнирдің қола жүлдесін Қуандық Шынасылов иеленді.
Сурет: Zakon.kz
Ал Галина Выборнова әйелдер арасында ешкімге есе жібермей, біріншілікті қанжығасына байлады. (Фьючерстер).
Сурет: Zakon.kz
Сонымен қатар, ұйымдастырушылардан Талғат Қалиақпаров ("жеңіске деген ерігі үшін") және Данил Москаленко ("әдемі ойын") арнайы сыйлықтарын алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы бес марапатқа ие болды: 2 алтын, 1 күміс және 2 қола.
Бұған дейін Елена Рыбакинаның кезекті турнирден шығып қалу себебі белгілі болды.