Қазақстандық спортшылар пара оқ атудан әлем кубогында 4 медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшылар пара оқ атудан әлем кубогында 4 медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2026 19:19 Сурет: instagram.com/csp_parasport.kz
Сербияның Нови-Сад қаласында тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында пара оқ атудан әлем кубогында Қазақстан командасы 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жекелей сында Александр Пасхалиди пневматикалық винтовкада 10 метр қашықтықта R1 дисциплинасында 236,2 ұпай жинап, Әлем кубогының жеңімпазы атанды.

Оған қоса, ерлер арасында пневматикалық винтовкада (10 метр) командалық жарыста R1 дисциплинасында Еркін Ғаббасов, Ардақ Отарбаев пен Арсен Мұратов 1847.5 ұпай жинап, күміс жүлдеге ие болды. Әйелдер арасында R2 дисциплинада Әйгерім Төлегенова, Анна Довгелевич пен Ұлболсын Құсайнова 1820.7 ұпай санымен қола медаль жеңіп алды.

Пневматикалық тапаншадан Р6 дисциплинасында командалық миксте сынға түскен Александр Пасхалиди мен Айсұлу Мұқашбекова 398.3 ұпай көрсеткішімен қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, пара оқ атудан әлем кубогы 24-29 шілде аралығында өтті. Жарысқа 51 елден 300-ге жуық спортшы қатысты. Аталмыш бәсекеде ел намысын 17 спортшы 61 дисциплинада қорғады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: