Жаңалықтар тізбегі
0

Паралимпиада ойындары-2024: Бүгін жерлестеріміз үш спорт түрінен бақ сынайды

Паралимпиада ойындары-2024, 1 қыркүйек, Қазақстан құрамасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2024 09:28 Сурет: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті
Бүгін, 1 қыркүйекте Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар үш сайыс түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 қыркүйекте Қазақстан спортшылары пара нысана көздеуден, пара жүзуден және пара үстел теннисінен өнер көрсетеді.

Астана уақыты бойынша 12-30-да пара нысана көздеуден Еркін Ғаббасов жарыс жолына шығады. Ол жата қалып винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түседі.

Айта кетсек, Еркін Ғабассов 31 тамызда R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен Еркін Ғаббасов жалпы есепте 6-шы орын иеленіп, медальға таласуға мүмкіндік алған еді. Ол барлығы 619.5 ұпай жинады (104.6; 102.6; 102.3; 103.0, 103.8, 103.2). Финалда Ғаббасов 247.3 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орынға ие болды. Осылайша, 2024 жылғы Париж ойындарында Ғаббасов Қазақстан құрамасы қоржынына бірінші медальды салды.

Сағат 13-47-де 150 метр қашықтықта пара жүзуден Зүльфия Ғабидуллина өнер көрсетеді.

Ал сағат 23-00-де 1/16 финалда пара үстел теннисінде жерлесіміз Әли Мақұлбеков бельгиялық Марк Ледоға қарсы әдемі ойын өрнегін көрсетеді.

Айта кетсек, Паралимпиада ойындарын Qazaqstan және Qazsport телеарналарының тікелей эфирінен тамашалауға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: