Дэвис кубогы-2024: Қазақстанның екінші теннисшісі де жеңіліп қалды

Александр Шевченко, Девис кубогы, Астана, жеңілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2024 17:48 Сурет: ktf.kz
Дэвис Кубогының бірінші әлемдік тобы аясында өткен екінші матч та Қазақстан үшін сәтсіздікпен аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның ерлер арасындағы екінші ракеткасы Александр Шевченко (әлемнің 57-ракеткасы)  Август Хольмгренмен (әлемнің 166-ракеткасы) кездесті. Екі сетте де Шевченко 7:6, 6:3 есебімен қарсыласына жол берді.

Кездесу 1 сағат 52 минутқа созылды.

Бұған дейінгі матчта Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик әлемнің 247-ші ракеткасы Эльмер Мюллерден жеңілген еді. Осылайша екі матч да қазақстандық тенисшілер даттықтардан ұтылды.

Енді Қазақстан құрамасы жеңіске жету үшін жексенбіге жоспарланған барлық үш кездесуде де жеңуі тиіс болады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: