Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан көкпар федерациясы Қырғызстанның ұсынысына жауап берді

Қазақстан көкпар федерациясы Қырғызстанның шақыруына жауап берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2024 16:24 Сурет: Instagram/kokparfederation
Жақында қырғызстандық спортшылар қазақстандық көкпар шеберлерін тағы бір бақ сынасып көруге шақырған болатын. Бүгін, 20 қыркүйекте қазақстандық тарап бұл ұсыныстан бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Федерациясының көрші елдің ұсынысынан бас тартуының басты себебі — бұл уақытқа жоспарланған өзге де турнирлер.

"Қырғызстан көк бөрү федерациясының тарапы 1 қарашада өтетін турнирге шақырғаны туралы: көпшілік бұны 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының финалы бойынша қарымта кездесу деп ойлап отыр. Қырғызстан тарапы ашық тунирге қатысуға шақырырды. Ескере кететін жайт, бұл турнир біздің күнтізбелік жоспарымызда жоқ. Ол уақытқа өзіміздің өзге турнирлеріміз қойылған",- делінген таратылған ақпаратта.

Бұған қосымша келесі ақпараттар атап өтілді.

"Алдағы уақытта Қырғызстан тарапы көкпардан әлем чемпионаты немесе халықаралық турнирлерге шақырған жағдайда диалог жүргізуге әзір екенімізді жеткіземіз.Көпшіліктің екі ел арасындағы қарымта кездесуді күтіп отырғаны көкпар спортына деген қызығушылықтың артқанын білдіреді. Бұл қуантарлық жағдай. Ұлттық ойынымыздың деңгейі бір саты көтерілгендігінің белгісі ретінде қабылдаймыз",- деп толықтырды федерация.

Еске салайық, еліміздің спортшылары финалдық ойында Қырғызстанмен негізгі уақытта 4:4 есебімен тең түсіп, қосымша уақытта команда капитаны Құрманбек Тұрғанбектің алтын салымының арқасында 5:4 есебімен басым түскен болатын.

16 қыркүйекте Қырғызстанның "көк бөрі" федерация басшысы Рамис Жүнісалиев даулы сәттерді жою үшін Қазақ тарапына реванш ұсынған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: