Қырғызстандық спортшылар қазақстандық көкпар шеберлерін тағы бір бақ сынасып көруге шақырды
Сурет: Instargam/ramisdzhunusaliev
Қырғызстанның "көк бөрі" федерациясы қазақстандық спортшыларға 1 қарашада Ыстықкөл жағасында келісім кубогын өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 24.kg-ке федерация басшысы Рамис Жүнісалиев айтып берді.
"Біз даулы сәттерді жою үшін Қазақ тарапына реванш ұсынғымыз келеді. Көрші ел көкпаршыларына Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы құраммен тағы бір бақ сынасып көруді ұсынамыз".
Ұсыныс Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы спорттық байланыстарды нығайтуға бағытталған.
Бұған дейін тартысқа толы бәсеке 5:4 есебімен аяқталып, қазақстандық көкпаршылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын жүлдесіне ие болғаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript