Жаңалықтар тізбегі
0

Көкпардан Қазақстан құрамасы жеңіске жетті

Көкпардан финалдық ойында Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын 5:4 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды., сурет - Zakon.kz жаңалық 12.09.2024 13:31 Сурет: Instargam/worldnomadgames2024
12 қыркүйекте Астанада ақтық көкпар жарысы өтіп, оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасынан жеңісті жұлып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көкпардан финалдық ойында Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын 5:4 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды.

Алғашқы таймда 1:3 есебімен Қырғызстан құрамасы алға шықты.

Екінші таймда есеп теңесіп, 4:4 есебімен аяқталды.

Үзілстен кейін "алтын салым" салуға 10 минут уақыт беріліп, шешуші салымды қазақстандық көкпаршы салды.

Тартысқа толы бәсеке 5:4 есебімен аяқталып, қазақстандық көкпаршылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.

Қазақстан көкпаршылары бесінші көшпенділер ойындарында жеңіске сенімді түрде жетті. Осылайша, олар АҚШ ковбойларын екі рет жеңді. Ал бір күн бұрын Ресей құрамасын жеңді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: