Жаңалықтар тізбегі
0

Санжар Тәшкенбай біршама үзілістен кейін шаршы алаңға оралды

Санжар Тәшкенбай, бокс, үзіліс, шаршы алаңға оралу, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.09.2024 14:11 Сурет: видеодан алынды
Санжар Тәшкенбай біршама үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралды. Ол 29 қыркүйекте Шымкентте қаласындағы бокс клубының спорт кешенінде өтетін Қарақозы Әбдәлиев атындағы халықаралық турнирде өнер көрсететін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарысқа ұлттық құрамадан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Украина құрамаларының спортшылары қатысады. 

"Жаттығуды бастап кеттік. Шымкенттеміз. Алла қаласа, 29 қыркүйекте жарыс басталады. Біршама үзілістен кейін бұл қатысып жатқан алғашқы жарысым. Қайрат ағайдың бастамасымен жиын жақсы өтіп жатыр", - дейді Санжар Тәшкенбай.

Санжар Тәшкенбай - әуесқой боксшы, 2021 жылғы жастар арасындағы Әлем чемпионатында және 2021 жылғы жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль иеленген. Сондай-ақ ол бокстан 2023 жылғы Әлем чемпионы атанды. Мамандар Санжар Тәшкенбайды бокстан 2023 жылғы Әлем чемпионатындағы ең жас әрі соққы аз жіберген боксшы ретінде танылғанын айтты. Санжардың турнирдегі видеосы әлеуметтік желіде көп қаралым жинады. Видеода қарсыласының көзінен көзін алмай қараған боксшының көзқарасынан жемтігін оңайшылықпен жібермейтін, өз-өзіне сенімді екенін көруге болады. Елге оралған жас спортшы таксист болып отбасын асырап жүрген әкесіне тосын сый жасап, көлік сыйлады. 2023 жылы шілдеде жастар сүйіктісі Санжар Тәшкенбайдың отау құрғаны белгілі болды. 2024 жылы 27 сәуір мен 7 мамыр аралығында Астанада бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына ол қатыспады. Себебі мына сілтемеде. Көп ұзамай Санжар әскер қатарына алынған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: