Жаңалықтар тізбегі
0

Головкин Халықаралық Олимпиадалық комитет президенті Томас Бахпен кездесті

Головкин, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2024 19:25 Сурет: olympic.kz
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин осы күндері Асунсьонде (Парагвай) өтіп жатқан Panam Sports Бас ассамблеясына қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Шара аясында Қазақстан ҰОК басшысы мен Халықаралық Олимпиадалық комитет президенті Томас Бахтың кездесуі болып өтті. 

Бах мырза Геннадий Головкиннің әлемдік боксқа қосқан үлесіне жоғары баға беріп, оны World Boxing Олимпиадалық комиссия төрағасы болып сайлануымен құттықтады. Сонымен бірге алдағы ынтымақтастық жемісті болатынына сенім білдірді. 

Геннадий Головкин ХОК президентіне комиссияның егжей-тегжейлі жұмыс жоспарын таныстырып, алдағы уақытқа жоспарланған міндеттерді атап өтті. Қос тарап та бокстың Олимпиада бағдарламасында қалуының, соның ішінде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін алдағы Олимпиада ойындарына енуінің маңызы зор екенін баса айтты.

Сонымен бірге Қазақстан ҰОК президенті жаңа тағайындалған Panam Sports президенті және Чили ҰОК  басшысы Невен Иличпен кездесті.

Геннадий Головкин Невен Иличті Panam Sports Бас ассамблеясы аясында Олимпиадалық комиссияның жұмысына ұсынған алаң үшін алғыс білдірді. Невен Илич өз кезегінде толықтай қолдау көрсетуге және бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. 

Айта кетейік, Panam Sports Бас ассамблеясы аясында World Boxing Олимпиадалық комиссиясы Оңтүстік және Солтүстік Америка Ұлттық Олимпиадалық комитеттерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: