Спорттық жартасқа өрмелеуден Әлем кубогі кезеңінде Амир Маймұратов күміс медаль иеленді

Амир Маймұратов, күміс медаль, спорттық жартасқа өрмелеу, Әлем кубогі кезеңі , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2024 19:33 Сурет: olympic.kz
Спорттық жартасқа өрмелеуден Қазақстан командасының көшбасшыларының бірі Амир Маймұратов Сеулде өтіп жатқан (Оңтүстік Корея) Әлем кубогі кезеңінде күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, 4 қазанда "жылдамдық" бойынша жарыстың финалы болып өтті. 

Маймұратов бірінші орын үшін қытайлық спортшы СиньШань Ванмен жарысты. Дегенмен ол қарсыласынан жеңіліп қалды. 

Үшінші орын Индонезиядан келген Киромал Катибинге бұйырды.

Бұған дейін дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында Азат Күмісбай қола медаль иеленгенін хабарлаған болатынбыз.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: