Жәнібек Әлімханұлы Әлем чемпионы атағынан айырылуы мүмкін. WBO мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлы, Андрей Михайлович, WBO, мәлімдеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2024 15:42 Сурет: X/Janibek Alimkhanuly
Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) ресми сайтында қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын Әлем чемпионы атағынан айыру ықтималдылығы туралы мәлімдеме жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

4 қазанда Австралияның Сидней қаласында Жәнібек Әлімханұлы кәсіби рингтегі 16-шы жекпе-жегін өткізді. Жерлесіміздің қарсыласы жаңазеландиялық Андрей Михайлович болды. Жекпе-жек тоғызыншы раундта "қазақ стиліндегі" нокаутпен аяқталды.

Бастапқыда Әлімханұлының бұл жекпе-жегінде WBO және IBF нұсқасы бойынша чемпиондық белбеулер ойнатылады деп жоспарланған, алайда ақырында ол тек IBF атағына деген таласпен шектелді. Осыған байланысты WBO ережелерді бұзғаны үшін Әлімханұлын өз ұйымының чемпиондық белбеуінен айырулары мүмкін екенін айтып, мәлімдеме жасады. Осылайша, отандық боксшының командасына WBO-ның орта салмақтағы чемпиондық белбеуі бос деп жарияламасы үшін бұл арада дәлелді себептерді бес күш ішінде алға тарту тапсырылды.

Яғни, Жәнібек Әлімханұлы, егер оның командасы Михайловичпен жекпе-жекте неге бір ғана белбеу қойылғанын дәлелдей алмаса, WBO белбеуінен айырылуы мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: