Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны атанды
Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
12 қазанда бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиыны аясында, бапкерлер мен боксшылардың қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиын барысында талқыланған бірнеше маңызды мәселенің бірі - жаңа құрама капитанын сайлау, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, дауыс беру нәтижесінде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны ретінде сайланды.
Айта кетерлік жәйт, қазіргі уақытта бұрымды боксшылар Азия чемпионатына дайындалуда. Құрлықтық біріншілік 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Иорданияда өтеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript