Тимофей Скатов Almaty Open бірінші айналымында чехиялық теннисшіге есе жіберді

Қазақстандық теннисші, әлемнің 192-ракетасы Тимофей Скатов Almaty Open бірінші айналымында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тимофей Скатов турнирдің 1/16 кезеңінде чехиялық теннисші, әлемнің 25-ракеткасы Томаш Махачпен кездесіп, 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.
Қазақстандық теннисші матч кезінде үш эйспен бірге үш брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды.
Ал оның қарсыласы Махач сегіз эйс жасап, төрт брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.
Енді Томаш Махач турнирдің екінші айналымында тағы бір қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаевпен шеберлік байқасады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript