Almaty Open турнирінде қазақстандық теннисшілер жарысты тегіс аяқтады

Almaty Open турнирінде қазақстандық теннисшілер жарысты аяқтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2025 17:45 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисшілер Александр Шевченко мен Тимофей Скатов Almaty Open-250 турнирінің жұптық сында алғашқы айналымында сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шевченко мен Скатов екі сетте Франция өкілі Мануэль Гинар мен Аргентина ойыншысы Гвидо Андреоцци жұбына 2:6 3:6 есебімен есе жіберді.

Бұған дейін Скатов жекелей сында бірінші айналымда австралиялық Ринки Хиджикатаға жеңілген болатын.

Ал Шевченко Almaty Open-250 турнирінің екінші айналымында франциялық Корентен Мутеге жол берді.

Еске салайық, бұған дейін Анна Данилина теннистен Қытайдағы турнирдің ширек финалына өткенін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: